Талдықорғанда «Алмарафон» жарысы өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Салауатты өмір салтын насихаттап, ұлт денсаулығын қалыптастыру мақсатында Талдықорғанда «Алмарафон» жарысы өтті.

null
Шараға 2000-нан аса адам қатысты. Жауынға қарамастан қимыл қозғалысы шектелген, қоларбаға таңылған азаматтар белсенділік танытты. Алмарафон жеңімпазы - Талдықорған политехникалық колледжінің студенті Сергей Роговенко. Оның айтуынша, ол спорттың бұл түрімен бұрыннан айналысады. Танымал жеңіл атлет - Биебай Тілемісовты өзінің ұстазы санайды. «Жеңісімді сүйікті қалам - Талдықорғанның туған күніне арнаймын» дейді жеңімпаз.

Жарысқа елімізді әлемге танытып жүрген танымал спортшылар да қатысты. Олардың қатарында ардагерлер арасында Әлем чемпионы Биебай Тілемісов, Юрий Пащенко, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрбахыт Теңізбаев, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қатысушысы Шолпан Қожахметова, 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қатысушысы Сұлтан Дүзелбаев та бар. Марафон қашықтығы 2,6 шақырым. Барлық жеңімпаздарды Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев құттықтап, диплом, Кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапаттады және барлық қатысушыларға алма үлестірілді.

null  

Ал жарыстың «Алмарафон» деп аталуы тегін емес. Қазір «Талдықорған бақ қала» атауымен жоба әзірленіп, Талдықорғанды бақ қала ретінде танымал ету мақсатында игі істер атқарылуда. Бүгінде ғалымдар алманың Отаны Қазақстанның Алатау бөктері екенін дәлелдеп жатыр. Әлемдегі алма атаулысы сиверс алмасынан тараған. Қазір жер жүзіндегі осы алманың 68 пайызы Алматы облысында. Осыған байланысты «Талдықорған - бақ қала» жобасының мақсаты - осы сиверс алмасын көбейтуге үлес қосу.

Соңғы жаңалықтар