Талдықорғанда алғаш рет жүректің қалқаншасына жабық әдіспен операция жасалды

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда алғаш рет жүрек қалқаншасының туа біткен ақауына жабық әдіспен бітеу отасы жасалды. Әдетте мұндай күрделі операция ашық әдіспен орындалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық кардиология орталығында окклюдер арқылы жүрек қалқаншасындағы саңылауды транскатетерлі жабу әдісі бойынша шеберлік сағаты өтті. Жетісулық әріптестерімен тәжірибе бөлісуге Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының рентгенохирургы Азиз Онласынов келді. Маман екі науқасқа ота жасап, жаңа әдістің мүмкіндіктерінің әлдеқайда ұтымды екенін көрсетті. Дәрігердің айтуынша, қалыпты жағдайда мұндай операциялар өте ұзақ және күрделі түрде жасалады. «Ең алдымен науқас жалпы наркоз арқылы ұйықтатылады. Оның кеуде қуысы ашылып, жүректің жұмысы уақытша тоқтатылып содан кейін бірақ саңылауды тігу арқылы жамайтынбыз. Ал окклюдермен тамыр арқылы жүрек қалқаншасының саңылауын бітеу әлдеқайда жылдам», - дейді Азиз Онласынов.
null 

Мұндай әдістен кейін науқас бірден оңалып, қалыпты өміріне тез оралады. Алматы және Астана қалаларында операцияның бұл түрі тұрақты жасалып келеді.

«Қазір мамандар әбден машықтанып, өңірлердегі әріптестерін үйретуде»,- дейді кардиология орталығының бас дәрігері Рахымберді Сұлтанбеков. Жетісу өңірі бас кардиологының айтуынша, орталықта бір жылда 200-ден астам ота жасалады. Оның 25 пайызы туа біткен жүрек ақаулары.

Соңғы жаңалықтар