Талдықорғанда алғаш рет FASHION DAY шарасы өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда алғаш рет Fashion day шарасы өтті. Жиналғандар назарына белгілі дизайнер Айгүл Қасымова жеке киім топтамасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Кешті  іскер әйелдер кеңесі, Koktem Grand қонақ үй кешені және LIFE TDK журналы бірлесе  ұйымдастырды. "Сәнді" іс-шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысып, сән мен дизайн саласының өкілдері үшін Fashion day айрықша мәнге ие екенін атап өтті.
null

«Мен алғаш рет Талдықорғанға келдім. Топтама әйелдер қауымының көңілінен шығады деген үміттемін. 2017-2018 жылдың күзгі және қысқы мерзімдеріне арналған маусымдық киімдерді ұсындық. Мен осы салада 10 жыл жұмыс істеп келемін. Біз үшін сапа мен бірегейлікті үйлестіретін киім-кешектерді тігу маңызды болып табылады», - деп атап өтті  дизайнер Айгүл Қасымова.

Айгүл Қасымова - табысты кәсіпкер. Оның табыс құпиясы көптеген жас дизайнерлер мен кәсіпкерлер үшін үлгі. Себебі, болашақ сәнгер университетті аяқтаған соң, кішігірім ательенің негізін қалады. Біршама уақыттан соң бұл ателье сатып алушылардың сүйікті брендіне айналды. 2006 жылдан соң прет-а- порте топтамасын ұсынды. Дизайнер Kazakhstan Fashion Week және Mercedes Benz Fashion Week Almaty шараларының тұрақты қатысушысы болып табылады. Арнайы көрсетілімдері Франция, Испания, Ресей және Түрікменстанда өтті.
null

«Кәсіпкер әйелдер  үшін ұйымдастырылған шараның мәні мен маңызы зор. Бұл өзара тәжірибе алмасуға, іскерлік байланыстар орнатуға және жай ғана топтаманы тамашалауға мүмкіндік береді. Fashion day іскерлік келбетті құру мен қалыпастыруға, сонымен қатар эстетикалық талғамды дамытуға көмектеседі», - дейді облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Римма Салықова.

Соңғы жаңалықтар