Талдықорғанда ақын Сәкен Иманасовтың 5 томдық жинағы жарық көрді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Сәкен Иманасовтың 5 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. 5 томдық кітап «Алатау» баспасында басылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Алматы облысы және Алакөл ауданының құрметті азаматы  Сәкен Иманасов көзі тірі болса 80 жасқа толар еді. Қаламгер шығармаларын қалың жұртқа насихаттап, ұлт рухын күшейтіп, әдеби мұраны толықтыру мақсатында жарық көрген 5 томдықты құрастырған жазушы-баспагер Ырым Кененбай. 

Салтанатты рәсімге Жетісу өңірінің ақын-жазушылары, зиялы қауым өкілдері жоғарғы оқу орнының профессорлары, әдебиетшілер, ақынның жерлестері, ұрпақтары мен оқырмандар қатысты. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Бексұлтан Нұржекеев, ардагер журналист әрі Сәкен Иманасовтың досы Жақып Мамадияр мен ақынның жары Мәриям Иманасова өз естеліктерімен бөлісіп, жаңа туынды өскелең оқырман қауымның іздеп оқитын кітабына айналатынына сенім білдірді.

Рухани кеште Сәкен Иманасовтың өлеңдеріне жазылған әндер орындалды.

Соңғы жаңалықтар