+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Талдықорғанда ақын Сағыныш Намазшамованың шығармашылық кеші өтті

2018 жылғы 30 қараша 04:00
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда ақын Сағыныш Намазшамованың шығармашылық кеші өтті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда ақын, журналист, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Сағыныш Намазшамованың «Қауырсын ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті.

Әдеби шараға жетісулық ақындар мен өнерпаздар қатысып, талдықорғандықтарды өлең-жырмен сусындатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өмірін өлеңмен өріп, поэзия әлемінде жыр бесігін тербеткен ақын бұл кешін оқырманға есеп беру деп бағалады. Бірнеше өлең жинақтарының авторы өз шығармаларында Жетісудың әсем табиғатымен сырласып, адамның бойындағы жақсы қасиеттерді, сұлу сезімді суреттейді.

Шығармашылық кеште ақынның өлеңдері театрландырылған қойылымға ұласып, ақын туындыларына жазылған әсем әндер әуеледі. Лирикалық жырлардың кәусәр бұлағына сусындаған талдықорғандықтар әдеби шарадан рухани қуат алып қайтты.

«Поэзия бұл ақынның сөзі ғана емес, өмірдің өзі. Сондықтан әр өлеңде ақынның өзінің жүрек лүпілі, өзінің аңсаған сезімі, ой толғамы, жүрегінің қағысы, барлығы ішінде тұрады», - дейді кештің иесі Сағыныш Намазшамова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT