Талдықорғанда әкесі екі баласымен иіс тиіп көз жұмды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған маңындағы Сарыарқа саяжайының 3 тұрғыны пештен шыққан түтінге уланып, көз жұмды. Марқұм болғандардың барлығы бір үйдің адамдары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ТЖД-не осы оқиға жайлы ақпарат 9 қаңтар күні 17 сағат 22 минутта келіп түсті. Пештен шыққан түтінге уланып әкесі, екі баласымен мерт болды. Ал әйел ауруханада жатыр», деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.

Ведомства өкілінінің айтуынша, қазір ТЖД қызметкерлері саяжайлардағы әр үйді аралап, пешті пайдалану жөнінде қауіпсіздікті түсіндіріп, сақтық шараларын күшейтуге кіріспек.

"Пешті жағуды ұйқыға кетер алдында екі-үш сағат бұрын тоқтатқан дұрыс болады және де осы қыс мезгілінде көмірдің де нашар болуынан пештерді жиі тазалап тұруға облыс тұрғындарына кеңес береміз", -деді облыстық ТЖД бас маманы Толқын Қатышева.

Соңғы жаңалықтар