Талдықорғанда адам қағып, оқиға орнынан ізін суытқан көлік жүргізушісі ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 30 мамыр күні "Ауди" маркалы көлік жүргізушісі мотоцикл жүргізушісін қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық ІІД  қызметкерлері анықтағандай 32  жастағы қала тұрғыны әр түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде оқиға орнынан ізін суытқан  1988 жылғы азамат тұтқындалды. Қылмыстың жасырын қалмауына әлеуметтік желі қолданушылары да үлес қосты, дейді облыстық ІІД қызметкерлері. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынып, көлігі айыптұрағына қойылды.

Соңғы жаңалықтар