Талдықорғанда 71 отбасыға коттеджді қалашықтан үй берілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда 71 отбасыға коттедж үй берілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорған қаласының «Қала күні» мерекесінде баспаналы болған қуаныш иелерін облыс орталығының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов құттықтап, баспаналардың кілттерін табыстады.

Осы күні баспаналы болғандар көпбалалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар, туа біткен мүмкіндігі шектеулі балалар, I-II топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, толық емес отбасылар, зейнеткерлер санатындағы қала тұрғындары.

Естеріңізге салар болсақ, жыл соңына дейін тағы 48 отбасыға осындай баспаналардың кілтін беру жоспарлануда.

Жалпы коттеджді қалашықта барлығы 620 тұрғын үй берілетін болады.


Соңғы жаңалықтар