Талдықорғанда 6 жасар қызды көлік қағып кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда гинеколог дәрігер 6 жастағы қызды көлігімен қағып кетті. Қазір зардап шеккен бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған оқиғаны облыстық перинаталдық орталығы растады.

«Қазір бала балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Қол-аяғы сынбаған. Денесі сырылған. Ең бастысы бала өздігімен демалып жатыр. Оған ешқандай аппарат қосылмаған. Алдын ала болжам бойынша, бала көліктің алдына өзі жүгіріп шыққан», -деп мәлім етті облыстық перинаталдық орталығы.

Жол көлік оқиғасы бүгін Талдықорған қаласындағы «Алтын Адам» мейрамханасы маңында болған. Баланы қаққан әйел жалғызбасты ана.

Соңғы жаңалықтар