Талдықорғанда 50 жастағы ер адамды көлік қағып кетті

Фото:
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 50 жастағы ер адамды көлік қағып, мерт болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы кеше кешке Абылайхан көшесінде болды.

«BMW» автокөлігін тізгіндеген Талдықорған қаласының 20 жастағы тұрғыны белгіленбеген жерде жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып, жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

«Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен бірге сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жыл басынан бері облыста жаяу жүргіншілердің қатысуымен 52 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 10 адам қаза тауып, 44 адам түрлі жарақат алды.

Жетісу облысының полициясы жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар