Талдықорғанда 400 адам «Даму» қоры арқылы кәсібін ашты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласы бойынша «Даму» қоры арқылы 400 адам кәсібін ашты. Жаңа кәсіп 629 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Бұл туралы «Даму» Қорының Алматы облысы бойынша аймақтық филиалының соңғы 9 айда атқарған жұмыстары барысында мәлім болды.

Сондай ақ осы аралықта филиал кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялау бойынша соммасы 1734,18 млн. теңге болатын 102 келісімшартқа қол қойған.  Сонымен қатар кепілдік беру бойынша соммасы 1038,16 млн. тенге болатын 73 келісімшарт мақұлданған.

Бүгінде кәсіп ашқысы келетіндер саны да артып келеді. 9 айдың ішінде Талдықорған қаласының кәсіпкерлерді қолдау орталығына 10 561 адам түрлі сұрақтарымен жүгініп, кеңес алды. Облыста жүретін Мобильді кәсіпкерлікті қолдау орталығы 1269 адамдарға мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Олардың басым бөлігі,  бухгалтерия, юриспруденция, маркетинг, сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыру кеңестерін алу үшін келген.

Сондай-ақ кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында да сүбелі жұмыстар атқарылған. Мәселен, "Шағын және орта бизнестің топ-менеджменті оқыту" жоба аясында 45 кәсіпкерлер  Астана қаласындағы "Назарбаев Университетінде" өз біліктілігін арттырды.

 «Даму-Көмек» жобаны жүзеге асыру бойынша көпфункционалды тігін машиналары түріндегі демеушілік көмекті мүмкіншілігі шектелген жиырма бір кәсіпкер алды, демеушілер ретінде АҚ «Алель Агро», ЖШС «Status Plast», ЖШС «Кайнар АКБ», ЖШС «Glasman», ЖК «Шалов» болды. Олар әр уақытта "БЖК-2020" бағдарлама аясында мемлекеттік қолдау алды.

«Жұлдыздарға қара» конкурс қорытындысы бойынша Алматы облысының мүмкіндігі шектеулі үш кәсіпкер өз бизнесін дамыту үшін гранттарды ұтып алды, олар өз бизнесін дамыту үшін 300 000 теңгеден тегін гранттар иегерлері болды.

25 шілде мен 23 тамыз аралығында КҚО-да "Даму"Қоры мен "Болашақ" қауымдастығымен бірлесіп, "Startup "Bolashak" жобасын жүзеге асырып, өтінімдерді жинады. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 18 жастан 29 жасқа дейінгі жас адамдар қатысты, Алматы облысы бойынша 185 адам қатысты.

«Жаңа бизнесті қолдау және ашу» және «Студент жастарының кәсіпкерлік бастамасын қолдау» жобалар шегінде үш тоқсанда 135 адам менеджмент пен салық салу негіздерімен танысып, бизнес-жоспар құруды үйренді. Олардың 14-і қазірдің өзінде заңды тұлға ретінде тіркелген.


null null null 

Соңғы жаңалықтар