Талдықорғанда 36 жастағы келіншекті көлік қағып, мерт болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанның кіре беріс қақпасында жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт болды. Марқұм болған әйел 1982 жылы туған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайтыс болған әйелді «Мерседес» маркалы көлігі қағып кеткен. Оқиға қыркүйектің 19-нан 20-на қараған түні болған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы негізінде сот алды тергеу басталды. Тергеу жұмыстарын Алматы облыстық ІІД анықтау басқармасы жүргізеді», - деді Алматы олблыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметов.

Айта кету керек, 36 жастағы әйелді қағып кеткен жерде жаяу жүргіншілер үшін өткел, не болмаса жаяу жүргіншілер жолы жоқ. Ал бұл маңда коттеджді қалашықтың тұрғындары тұрады. Қалашық Алматы-Талдықорған тасжолы бойында орналасқан. Жол бойында жаяу жүргіншілерге арналған ешқандай өткел жоқ. Тұрғындар ағылып жатқан көліктерден және екі жолды бөлетін қоршаудан секіріп аттап, қарсы бетке өтетіндерін айтады.

Олардың сөзінше, жергілікті билік бұл мәселеден құлағдар болса, да әзірге ешбір әрекет жасамаған.

Соңғы жаңалықтар