Талдықорғанда 300-ден астам азамат апатты жағдайдағы үйде тұрып жатыр

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласының аумағында 14 апатты үйде 300-ден астам азамат тұрып жатыр. Ескі үйлер Кивилев, Шевченко, Абылай хан көшелері мен Жетісу шағын аумағында орналасқан. Бұл туралы шаһар басшысы Әсет Масабаев брифингіде мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кивилев көшесінің бойында 8 пәтерлі 4 үй орналасқан. Оның ішінде 29 пәтердің меншік құқығы бар. Ал, үшеуі заңдастырылмаған. Бүгінде апатты үйлердің иелерін көшіру мақсатында Кивилиев көшесіндегі 27 пәтер сатып алынған.

«Бұл үйлер тұрғындарға «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында «Талдықорған қаласының 2022-2025 жылдарға арналған тұрғын-үй қорын реновациялау бағдарламасы» шеңберінде беріледі. Яғни, бұл бағдарлама апатты тұрғын үйлерді сүріп, одан азаматтарды көшіруді қарастырады», - деді қала басшысы Әсет Масабаев.


Иллюстрациялық сурет

Соңғы жаңалықтар