Талдықорғанда 3 жастағы сәби менингиттен көз жұмды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында жас сәби менингококк инфекциясынан қайтыс болды. Аталған ақпаратты өңірдегі инфекциялық аурухананың бас дәрігері Бауыржан Сауранбаев растады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Кеше ауруханаға 2 жас 8 айлық Айша Қабдолла өте ауыр жағдайда түсті. Ол біздің ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Балада менингококк инфекциясы, инфекциялық-токсикалық шок белгілері анықталды. Өкінішке қарай, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», - деді  Б.Сауранбаев.

Облыстық денсаулық сақтау басшысының орынбасары Эльмира Ахметованың айтуынша, қазіргі күні жұқпалы аурумен ауырған баламен байланыста болған тұлғалар белгілі болды.

«Қолданыстағы бұйрыққа сәйкес, оларға күнделікті бақылау жүргізіледі. Первентивті емдеу шаралары да басталып кетті.  Байланыста болған ешқандай да тұлға назардан тыс қалған емес», - деді Э.Ахметова.

Соңғы жаңалықтар