Валюта бағамдары:
    usd/kzt 444.45 eur/kzt 476.27

    rub/kzt 5.56 cny/kzt 62.81
Ауа райы:
Астана+36+38℃
  Jańalyqtar  >

Талдықорғанда 270 ақбөкеннің мүйізі тәркіленді

2023 жылғы 7 ақпан, 06:21

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда ақбөкен мүйізін сатуға тырысқан төрт адам ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдіктілер Ravon Nexia және Mazda көліктерімен жүрген. Ұстау кезінде үшеуі көліктердің бірінде жасырынуға тырысқан.

Ақбөкеннің 270 мүйізі тәркіленді. Ұсталғандар 1982-2000 жылдары туған Алматы қаласы, Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындары екендігі анықталды. Барлығы облыстық полиция департаментіне түсінік беру үшін жеткізілді.

«ҚР ҚК-нің 339-бабының 2-бөлімінде «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» көзделген тергеу амалдары басталды», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Автор:

Самал Қабышева

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар