Талдықорғанда 27 жыл бойы қаңырап тұрған ғимарат пайдалануға берілді

None
None
Талдықорғанда 27 жыл бойы қаңырап тұрған ғимарат пайдалануға берілді ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда 27 жыл бойы қаңырап тұрған ғимарат пайдалануға берілді. Өткен жылы нысанға 2,3 млрд теңге қаражат облыстық бюджеттен бөлініп, алғашқыда қонақ үй болып салынған нысан студенттер жатақханасы ретінде өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорған қаласының «Қаратал» шағын ауданында ұзақ жылдар бойы қараусыз қалған аяқсыз құрылысты облыс әкімі А. Баталов коммуналдық меншікке өткізіп, студенттер жатақханасы ретінде қайта салуды тапсырған болатын. Соның нәтижесінде айналасы бір жылдың ішінде 13 қабатты, сәулеті келісті жаңа жатақхана бой көтерді. Талдықорғандағы бірден бір жоғары оқу орны І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері үшін беріліп отырған бұл нысан білімгерлердің өмір сүру жағдайын жақсартып, білім сапасын арттыруға ықпал ететін қадам болмақ.


«Мен оқуға түскенде маған жаңа жатақханада тұрасың деді, бірақ мен алғашында сенбедім. Шынында да қазір осы студенттер үйінде тегін тұрып жатырмын. Өте қуаныштымын. Бізде кітапхана, кинозалдарды айтпағанда, тіпті кір жуатын машинаға дейін бар. Енді біз ештеңеге алаңдамай тек қана жақсы оқуымыз керек»,- «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушісі, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ журналистика бөлімінің 1 курс студенті Аяулым Қойшыбаева






Соңғы жаңалықтар