USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Талдықорғанда 24 жастағы жүргізуші электр бағанына соғылып мерт болды

2021 жылғы 25 қазан 12:05
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда 24 жастағы жүргізуші электр бағанына соғылып мерт болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 24 жастағы көлік жүргізуші электр бағанына соғылып, ауруханаға жетпей мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті Ақмола облысында жол апатынан 10 адам зардап шекті Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Жантүршігерлік көлік апатының видеосы әлеуметтік желіге тарады.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 24-қазан күні түнгі сағат 22:18 кезінде болған.

«Анықталғандай, 24 жастағы «Toyota Camry» көлігінің жүргізушісі Қонаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, рульге ие бола алмай, электр бағанына соғылған. Салдарынан жүргізуші ауруханаға жетпей көз жұмды. 22 жастағы жолаушы қыз бала түрлі дене жарақатымен аурухана түсті»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу жүріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT