Талдықорғанда 20 отбасы қоныс тойын тойлап жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда 20 отбасы баспаналы болды. «Жұлдыз» шағынауданында бой көтерген 20 пәтерлі коммуналдық үйдің кілтін қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2 және 3 бөлмелі пәтерге мүмкіндігі шектеулі жандар, зейнеткерлер, бюджеттік қызметкерлер, жалғызбасты аналар мен көпбалалы отбасылар ие болды.

«Үйіміз кең, жарық. Оған қоса мектепке де жақын. Балалардың сабағына ыңғайлы болды. Бүгінгі күнді біз зарыға күттік. Қазір енді қуанышымызда шек жоқ. Әкімдік қызметкерлеріне рахметімізді айтамын», - дейді кезекпен пәтер алған Ольга Генадьевна.

Айта кету керек, жаңадан бой көтерген баспананың құрылысы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2018 басталып, бір жылдың ішінде аяқталды.

null

null null

Соңғы жаңалықтар