Талдықорғанда 180 отбасы баспаналы болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Астананың 20 жылдық мерейтойында талдықорғандық 180 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Жаңа үйлер шаһардың 6 шағын ауданынан және 9 алаңнан берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа баспаналардың кілттері 11 санат бойынша кезекте тұрған жандарға табысталды. Олардың қатарында I, ІІ топтағы мүгедектер, толық емес отбасылар, зейнеткерлер, майдангерлерге теңестірілген азаматтар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар бар. 6-шағын ауданнан берілген 60 пәтерлі екі үй арендалық, ал 9 аландағы 60 пәтерлі көпқабатты баспана коммуналдық тұрғын үй.

null

Сондай-ақ, елорда тойында Алматы облысының әкімі бірқатар азаматтарға «Астананың 20 жылдығы» мерейтойлық медалін тапсырды. Мұндай марапатқа жалпы 196 жетісулық ие болды. Мереке айшықты концерттік бағдарламамен жалғасуда.

Жалпы, Астананың 20 жылдығына орай Алматы облысында осы күні 40-қа жуық түрлі мәдени-бұқаралық, танымдық, спорттық шаралар өтті. Мәселен бүгін Талдықорғанда «Астана» даңғылы ашылып, ал Алакөл ауданында «Бәйтерегі» бар  саябақ халықтың игілігіне берілгенін хабарлаған болатынбыз.  Ал ертең «Талдықорған» ипподромында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс өтеді.

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар