Талдықорғанда 180 адамның АӘК-ке құжаттары қабылданбады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Талдықорған қаласы бойынша 1571 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ал құжаттарын дәл осы көмекке өткізген 180 адамдікі қабылданбады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайтқа олардың айлық табысының жоғары болуы немесе бастарында бірнеше жеке мүліктері бар болуы сынды түрлі жайттар себеп болды.

«Былтыр Талдықорған қаласы бойынша 5632 адам атаулы әлеуметтік көмекті алды. Ал биыл 1571 адамға осы көмек тағайындалды. Бұл адамдардың саны жыл соңына дейін тағы өсуі мүмкін», - деді Талдықорған қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлмира Есжанова.

Сондай-ақ, биылдан бастап АӘК былтырғыдай 7 жасқа дейінгі бала күтімімен отырған аналарға берілмейді. Жаңа заңға сәйкес, енді аналар балалары 3 жасқа толғаннан кейін жұмысқа шығуы тиіс.

«Бала үш жасқа толған күннен бастап, анасы тұрақты жұмыспен қамтылуы керек. Содан кейін ғана атаулы әлеуметтік көмекке жүгіне алады. Табыс көзі кедейлік шегінің 70 пайызы арасындағы айырмашылық ғана беріледі», - деді Г.Есжанова.

Ал бұған дейін бала күтімімен отырған аналарға жұмыспен қамту орталығы түрлі жұмыстарды ұсынып жатқандарын айтады.

Соңғы жаңалықтар