+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Талдықорғанда 17 полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

2016 жылғы 5 қараша 18:09
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда 17 полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда қызмет бабында жіберген кемшіліктері үшін 17 полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Аттестациядан өтпей қалған 5 қызметкер жұмысынан босатылды. 1 адам жұмыстан шығарылды. Ал қала көшелеріндегі бейнебақылау камераларының көмегімен 10 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық фактілері тіркеліп, ашылды. Талдықорғандағы қылмыстық ахуал қалыпты. Жалпы көрсеткіш бойынша, қылмыстар саны азайған. Бірақ, бұрын істі болған азаматтар мен мас күйінде заң бұзушылардың қатары көбейіп отыр. Бұл туралы халық алдында 9 айдың қорытындысы бойынша есеп берген Талдықорған қаласының Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Талғат Бәзиев мәлімдеді.

Талдықорған қалалық жергілікті полиция қызметінде штаттық бірлікке сәйкес 212 қызметкер жұмыс атқарады. Оның ішінде учаскелік полиция бөлімшелерінде - 55, жол-патрульдік полиция ротасында - 101, ювеналды полиция тобында - 23, қабылдап-тарату орталығында - 18, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінде - 1, аппаратта 15 адам. Қала аумағында барлығы 7 учаскелік пункт іске қосылған, оның 2-уі ауылдық округтерде орналасқан.

ЖПҚ бастығының айтуынша, есепті кезеңде қала бойынша 3471 қылмыс тіркелді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 180 қылмысқа жоғары, бірақ, бұл ретте қылмыс құрамы бойынша ауыр және аса ауыр қылмыс жасау 289-дан 263-ке азайған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT