Талдықорғанда 15 жасар жеткіншек он күннен бері табылмай жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 15 жасар жеткіншек он күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорған қалалық полиция басқармасы 2005 жылы туған Әділет Мақсатұлы Нүсіпбаевқа іздеу жариялайды. Ол 12 тамызда үйінен белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмаған.

Жоғалған балаға тән белгілер: бойы - 160-165 см, дене бітімі орташа, келбеті - азиялық, өңі ашық, шашы қысқа, көздері қара-қоңыр, бетінде кішкентай туа біткен дақтар бар.

Үстіне көк түсті спорттық трико, қара түсті футболка және қоңыр түсті жеңіл аяқ киім киген.

Жасөспірім немесе оның мекенжайы туралы қандай да бір ақпарат болса, мына телефондарға хабарлауға болады: 8 (7282) 608066, 8-707-971-89-23 немесе 102.

Қазіргі уақытта жасөспірімді іздеу жұмыстарына Талдықорған қаласы ПБ жеке құрамы, жақын орналасқан қалалар мен облыстың полиция органдарының бөлімшелері, сондай-ақ еріктілер мен қоғам өкілдері жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар