Талдықорғанда 135 адам тұратын бірнеше үй карантинге жабылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 3 жағдайы тіркелді, олар – Талдықорған қаласының тұрғындары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 1991, 1997, 1972 жылы туған 3 пациенттің де сырқаты ПТР-талдауы кезінде анықталған. Алдымен облыстық аурухананың провизорлық бөліміне жеткізілген пациенттер қазір Талдықорғандағы әскери госпитальға ауыстырылды.

Олармен 15 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олар медициналық бақылауға алынып, эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде.

Сол сияқты Талдықорған қалалық мемлекеттік бас санитар дәрігерінің 18 мамырдағы №4 қаулысымен облыс орталығындағы Самал шағынауданындағы 1-үйге, Ақжазық көшесіндегі 5-үйге, Жандосов көшесіндегі 5-үйге 14 күндік карантин енгізілді. Бұл үйлерде 135 адам тұрады.

Жалпы Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны - 209, соның ішінде Талдықорған қаласында 10 адам бар.


Соңғы жаңалықтар