Талдықорғанда 114 адамға мерекелік медаль табыс етілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорған қаласында 114 адамға мерекелік медаль табыс етілді. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған төсбелгіні Алматы облысының әкімі Амандық Баталов әр саланың өкіліне өзі тақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марапатталғандардың барлығы - Жетісу жерінің гүлденуіне аянбай еңбек етіп, тер төгіп, өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген жандар. Олардың қатарында «Тақиялы періште» фильмінің басты актері, Тайлақ атымен көрерменнің сүйікті әртісіне айналған Әлімғазы Райымбеков және  «Жетісу» телеарнасының кәсіби журналисі Гүлжанат Мақұлжанова да бар. Ол аталған жерлігікті телеарна құрылғалы еңбек етіп келеді. Осы 15 жыл ішінде журналист Гүлжанат Ахметқызы бірнеше танымдық-ақпараттық бағдарламаның авторы әрі жүргізушісі болды. Қазір бірнеше жылдан бері «Апта» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының редакторы және жүргізушісі. Білікті маман осы 15 жыл ішінде 5 мыңнан аса сюжет жасап, 600 рет «Апта» бағдарламасын жүргізіп, 100-ден аса арнайы репортаждар мен түрлі бағдарламарды қалың көрермен назарына ұсынған.

Айта кету керек, бүгінде Алматы облысы күн санап дамып келеді. 2000  жылдары өңірдің бюджеті небәрі 11 млрд теңге болса, бүгінде бұл қаржы 410 млрд. теңгеге жетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар