+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Талдықорғанда 11 млн теңгенің аялдамасы жарты жылдан бері істемей тұр

2019 жылғы 7 ақпан 22:20
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда 11 млн теңгенің аялдамасы жарты жылдан бері істемей тұр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанның кіреберісінде орнатылған «Smart» аялдама жарты жылдан бері істемей тұр. Ал бұл аялдаманың құны 11 миллион теңгеге бағаланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалайыри даңғылының бойындағы смарт аялдама алғашқы кезде мердігер тарапынан үлгі ретінде қойылған болатын. Қазір сапасы мен бағасы қала әкімдігіне сай келмегендіктен жабық тұр. Аялдаманың тағдыры қалай болатыны белгісіз. Бұл аялдаманың құны 11 млн теңге. Қазір мердігер компания өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс.

Ал қазір қала әкімдігі 11 млн теңгенің емес 8 млн теңгенің аялдамаларын Талдықорғанның 6-ы жеріне орнатты. Алдағы уақытта тағы 4-еуі қойылады. Бірақ тұрғындар 8 млн теңгенің аялдамасы тым қымбат деп наразы.




«Бағасы өте қымбат. Сол сегіз миллион теңгеге екі бөлмелі пәтер алып, мұқтаж жандарға берсе, дұрыс болатын еді», - дейді талдықорғандық Теміргүл Мұратбекова.

Қалалық әкімдік 2017-2018 жылдары евростандартқа сай 50 аялдама орнатылғанын жеткізді. Биыл тағы 46-сы қойылады деп жоспарлануда. Ал қарапайым аялдамадан аса айырмашылығы жоқ бұл автобус күтетін орынның біреуінің құны 2 млн 800 мың теңгеге бағаланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT