Талдықорғанда 10 қаңтар күні қоғамдық көліктер тегін қатынайды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 10 қаңтар күні қоғамдық көліктер тегін қатынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саяси науқанға байланысты қала билігі осындай мүмкіндік жасап отыр. Автобустар таңғы сағат 6-дан кешкі 9-ға дейін қызмет көрсетеді. Барлық бағыт бойынша санитария талаптары қатаң сақталуы, бетперде тағу міндеттелген. Сондай-ақ, іштегі сыйымдылық 50 пайыздан аспауы тиіс. Айта кетсек, қазіргі таңда қалада 26 бағытта 190 автобус жүрді.

Еске сала кетсек, жалпы қаладағы сайлаушылардың саны - 129 641. 58 сайлау учаскесі жұмыс істейді.



Соңғы жаңалықтар