кеше 20:02 Жетісу облысында поштадан 22 млн теңге жымқырғандарға халықаралық іздеу жарияланды ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Жетісу облысында поштаның 22 млн теңге қаражатын жымқырғандарға халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.05.2023 23:25 Жетісуда шомылу маусымы басталар алдында су сапасы тексерілді ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары шомылу маусымы алдында Алакөл, Балқаш көлдерінен сынама алды. Су сапасы бактериологиялық және басқа да көрсеткіштерге тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.05.2023 20:24 Жетісуда мас жүргізушілер кесірінен 6 көлік апаты болып, бір адам қаза тапты ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында мас жүргізушінің кесірінен 6 көлік апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.05.2023 01:37 Талдықорғанда екі жыл бұрын пайдалануға берілген жаңа үйді жауын суы алып кетті ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда жауын суы басқан көпқатты үйдің мәселесіне қатысты Антикор пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.05.2023 11:13 Алаяқ Талдықорған студенттерін 24 млн теңгеге алдаған ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысының тұрғындарын 24 млн теңгеге сан соқтырған алаяққа қатысты сот басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
19.05.2023 14:43 115 млн теңге жымқырған Панфилов аудандық білім бөлімінің есепшісі 10 жылға сотталды ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысы Панфилов аудандық білім бөлімінің есепшісі болған Мұхамерова 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.05.2023 13:44 Мұғалім мен директор арасындағы соттасу дегенді тоқтату керек - министр ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Биылдан бастап мұғалімдермен соттасатын мектеп басшылары мектепте істемеуі керек. Талдықорғанда ағарту саласының мамандарымен өткен жиында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім ордасындағы қудалау мәселесіне қатысты осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.05.2023 12:56 Министр: Биылдан бастап мұғалімдер әуреге түсіп портфолио жинамайды ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Мұғалімдерді аттестаттау, портфолио жинау мәселесі қайта қаралады. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Талдықорғанда ағарту саласының мамандарымен өткен жиында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.05.2023 20:15 Талдықорғанда жаңа көпқабатты үйдің жертөлесі кәріз суына толып қалды ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласындағы «Бірлік» шағынауданында орналасқан жаңа үйдің кәріз жүйесі бітеліп, жертөлесі нәжіс суына толып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.05.2023 16:00 Талдықорғанның әкімі Әсет Масабаев ауырып, жансақтау бөліміне түсті ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев ауруханадағы жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.05.2023 21:58 Талдықорғанда студенттерді қарызға батырды деген айыппен жатақхана коменданты сотталып жатыр ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорғанда студенттерді 24 миллион теңгеден аса қарызға батырды деген айыппен жатақхана коменданты сотталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.05.2023 14:29 Жетісу облысында жоғалған кейуананы 100-ге жуық ерікті іздестіріп жатыр ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында жоғалып кеткен кейуананы іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.05.2023 16:14 Талдықорғанда әскерде жарасқан жұптар көбейіп келеді ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған әскери гарнизоны құрамында 10-ға жуық әскери бөлім болса, Отан қорғап жүріп отбасы құрған әскерилер де аз емес. Солардың қатарында аға лейтенант Тимур Темірқұл мен ефрейтор Альбина Жұмеке де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.05.2023 15:01 Алматы-Өскемен тасжолында көлік апатынан 54 жастағы жолаушы көз жұмды ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
06.05.2023 10:16 Талдықорғанда екі күнде екі баланы көлік қағып, мерт қылды ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорғанда екі күнде екі баланы көлік қақты. Бүлдіршіндер оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.05.2023 23:48 Текеліде жүкті боп қалған 10-сынып оқушысының ісін полиция тергеп жатыр ТЕКЕЛІ. ҚазАқпарат - Жетісу облысында жүкті болған оқушының ісіне полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.05.2023 02:03 Жетісу облысында тоғыз соғыс ардагеріне 1,5 млн теңгеден беріледі ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Жетісу облысында Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2309 азамат жалпы сомасы 156,7 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек алады. Оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында облысымызда тұратын ҰОС ардагерлері мен қатысушыларына 1,5 млн теңгеден төленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
01.05.2023 00:48 Жетісу облысында жұмысшылардың табысы мен санын жасыру фактілері көбейген ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Жетісу облысында ауылшаруашылық саласындағы жұмысшылардың табысы мен санын жасыру фактілері жиілеген. Мәселен, статистика бойынша өңірде 19 931 шаруа қожалық тіркелсе, кірістер департаментінде 19 239 бар. Қалған 692 қожалық салық департаментіне тіркелмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.04.2023 21:56 Жетісудың Ақсу ауданында шаруа иесі 10 мың гектардан аса жерді пайдаланбай отыр ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысының Ақсу ауданында шаруа иесі 10 мың гектардан аса жерді пайдаланбай отыр. Салдарынан ауыл халқына мал жаятын жер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.04.2023 20:06 Жетісуда әкім орынбасары жүгерісін өткізе алмаған шаруалардың проблемасына ауыл әкімдерін кінәлады ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында ауыл шаруашылығы саласына жауапты әкім орынбасары Әлібек Жақанбаев жүгерісін өткізе алмаған шаруалардың проблемасына жергілікті әкімдікті кінәлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.