Талдықорған: Ынтымақ ауылында жарық сөне береді, су жоқ, жол сапасыз

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат  - Талдықорғанға қарасты Ынтымақ ауылының халқы  жарық, су, жол азабын тартуда. Жергілікті тұрғындар 15 жылдан бері осы мәселе шешілмей келе жатқанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халық кернеуі төмен тоқ қайта-қайта өшіп, тұрмыстық техникары бірінен соң бірі жанып кетіп жатқанын айтады. Тұрғындарды қоғамдық көлік мәселесі де әбден шаршатқан. Сөздерінше, қалаға күніне алты рет қатынайтын  қоғамдық көлікті күту ұзаққа созылады. Ал Талдықорғанға барып 148 оқушы білім алуда. 

null
«Ынтымақ болғалы 15 жыл болды. 15 жылдан бері  біздің әкімшілік бізге ештеңе жасаған жоқ. Мектеп жоқ. Суды, жарықты, жолды бәрін жасасын. Балалар деген батпаққа батады. Қаншама бала бар. Суды қаладан тасимыз», - дейді Ынтымақ ауылының тұрғыны  Қалила Жорынбаева.

Ал Талдықорған қаласының әкімдігі жолды жөндеу бойынша әкімдіктің өз жоспары бар екенін жеткізді. Қаражат та бөлініп қойыпты. Оқушыларды тасымалдайтын автобус саны да көбейтілетін болды. Ал үйін заңдастыра алмай жүргенгендерге көмектесу үшін арнайы жұмыс тобы құрылады.

null
«2221 үй бар екен. 571 үй қазір салынған. Оның 161 ғана заңдастырылған. Кімнің қандай мәселелері бар, сол бойынша жұмыс тобын құрамыз, көтерілген мәселелерді қысқа мерзімде шешуге тырысамыз. Ал жарық мәселесіне келетін болсақ, жерді бөлген кезде инфраструктура жүргізілмеген болатын. Қазір байқау жарияланып, осы қазан айының 20-ында жеңімпаз мердігер анықталады. Сол компания алты ай көлемінде Ынтымақ ауылында тоқ,  жарық жүргізіп, бізге өткізіп беруі тиіс және де су мәселесі де алты ай көлемінде тартылып, берілуі керек. Жол мәселесі бойынша, жобаға сәйкес қазан айының соңына дейін 29 көше Ынтымақ ауылында жасалып бітеді. Негізі мұнда 74 көше бар. Оның 29 көшесі биыл жасалады. Қалған көшелер келесі жылға қалады», - деді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев.

null

Соңғы жаңалықтар