«Талдықорған – Үштөбе» трассасындағы жол апатында 8 адам зардап шекті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Талдықорған – Үштөбе» трассасында екі машина соқтығысты. Polisia.kz сайтының мәліметінше, зардап шеккендерге асыққан медициналық бригада көлігі де апатқа ұшыраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Жол апаты 19 тамыз күні кешке «Талдықорған – Үштөбе» тасжолында болды. Газель мен Nissan автокөліктері соқтығысқан.

«Жеңіл автокөліктің салонында бес ересек және үш бала болғаны анықталды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді», - делінген полиция хабарламасында.

Мәлім болғандай, оқиға орнына асығып келе жатқан жедел жәрдем бригадасы да жеңіл автокөлікпен соқтығысып, жол апатына ұшырады.

«Бұл жол апатында зардап шеккендер жоқ. Тек көліктерге залал келген», - деді полициядан.


Соңғы жаңалықтар