Талдықорған-Үштөбе тас жолында екі көлік соқтығысып, жүргізушілер мерт болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған-Үштөбе тас жолында екі көлік соқтығысып, жүргізушілер мерт болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін кешкі сағат 19:15 шамасында болған.

Талдықорған-Үштөбе тас жолының 41 шақырымында «Тойота Карина» және «Ауди 80» көліктері бетпе-бет келіп соқтығысқан. Апат салдарынан екі көліктің де жүргізушісі мерт болды. Сондай-ақ «Тойота Карина» көлігінің 4 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Үштөбенің ауруханасына түскен. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар