«Талдықорған-Үшарал-Алакөл» жолы қашан ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл «Талдықорған-Үшарал-Алакөл» жолында көлік қатынай бастайды. Бұл жайында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысында Алакөл демалыс орнына апаратын 342 шақырымдық «Талдықорған –Үшарал – Алакөл» тасжолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Өңірдің туристік әлеуетін дамытуда аталған жобаның маңызы зор. Жол өткен ғасырдың 70-ші жылдарында салынған болатын. Оны қайта жаңарту жұмыстары 2018 жылға дейін мүлде жүргізілмеген», - делінген ведмоство мәліметінде.

Министрліктің мәліметінше, жұмыстарды «CITIC Construction Co.» компаниясы, «АБК Автодор НС» және «Қыран» ЖШС жүзеге асыруда. Жоба аясындағы жұмыстарға 2 мың адам мен техниканың 800 бірлігі жұмылдырылған.

Қазіргі кезде құрылыс-монтаждау жұмыстары жоғары қарқынмен жүргізіліп жатыр. Мердігер компаниялар асфальт-бетон жабындысын төсеуде. Автомобиль жолының толық бойында қозғалыс биыл ашылады деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар