+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Талдықорған тұрғынын «қарызың бар» деп ұшаққа мінгізбей қойғандар өтемақы төлейді

2019 жылғы 16 қараша 18:08
Бөлісіңіз:
Талдықорған тұрғынын «қарызың бар» деп ұшаққа мінгізбей қойғандар өтемақы төлейді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Кипр еліне ұшқалы тұрған жерінен сапарынан қалып қойған Александр Милько апелляциялық сотта жеңіп шықты. Талдықорғандық тұрғынның ешқандай қарызы болмаса да, әуежайдағы мамандар оны ұшаққа өткізбей қойған. Себебі мәліметтер базасында оған шетелге шығуға тыйым салынғаны жөнінде ақпарат шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада мас күйінде танысын өлтірген адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды Оралда қызды қағып, қашып кеткен жүргізуші екі айға қамауға алынды Шымкентте жүргізуші куәлігін саудаға салған 26 полицейге үкім оқылып жатыр

Сот барысында анықталғандай, Александр Мильконың ешқандай да берешегі жоқ болып шықты. Яғни, Милькоға шет елге шығуға шектеу 2012 жылы қойылып, 2014 жылы алынып тасталған. Шектеу алынғаннан кейін ол бірнеше рет шет елге барған. Бірақ 2018 жылы аяқ асты оған сонау 6 жыл бұрын қойылған шектеудің неліктен қайтадан базаға шығып кеткені белгісіз.


«Алматы облыстық әділет департаментінен Александр Мильконың пайдасына 378 716 теңге материалдық шығын, 50 мың теңге моральдық өтемақы және 9126 теңге сот шығындары өндірілсін», - деді сот алқасының шешімін оқыған Алматы облыстық апелляциялық сот алқасының судьясы Қарлығаш Жапсарбаева.

Александр Милько өзінің кінәсіздігін бір жылдан аса уақыт бойы дәлелдеді. Ол Ұлттық қауіпсіздік қызметі, Әділет министрлігі мен Алматы облыстық әділет департаментін сотқа берген болатын.

«Конституциялық құқығымның бұзылғанын дәлелдеу үшін бір жылдан аса уақыт кетті. Қазақстанда әділдік бар екеніне әйтеуір көзім жетті. Ең бастысы, менің берешегім жоқ, ал шектеудің базада қайта шығып кеткеніне мен кінәлі емеспін. Алматы облыстық апелляциялық сот алқасына істі жан-жақты, әділетті қарағаны үшін алғыс айтамын. Сот шешімімен толықтай келісемін», - деді Александр Милько.


Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының ресми мәліметінше, Қазақстанда салық, алимент, несие сынды түрлі берешегі бар 1 млн 300 мыңнан аса адамға елден шығуға тыйым салыныпты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT