Талдықорған өңіріне жаңа өкіл имам тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған өңіріне Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы өкіл имам болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ардақ Нүсіпханұлы осы уақытқа дейін Талдықорған өңірі бойынша 1-наиб имам болып қызмет атқарған. Бүгін өкіл имамды ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Шоханов Сансызбай қажы Құрбанұлы жамағатқа таныстырды. Ал осы қызметті төрт жылдан аса уақыт  атқарған Ахмадиев Серікхан Ырымханұлы Алматы қаласындағы  Медеу ауданының бас имамы болып тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар