+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Талдықорған: науқасқа басқа топтың қанын құйған дәрігерлерді тексеру басталды

2019 жылғы 25 қаңтар 21:38
Бөлісіңіз:
Талдықорған: науқасқа басқа топтың қанын құйған дәрігерлерді тексеру басталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы облыстық ауруханада көз жұмған Анархан Қырғызбаеваның өліміне байланысты арнайы комиссия құрылды. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы оқиғадан кейін Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының бұйрығымен комиссия құрылып, қазір облыстық аурухананы тексеру жұмыстары жүріп жатыр», - деді осы ведомстваның баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Сондай-ақ, тексеру жұмыстарын облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті де жүргізеді. Аталған мекеме тексеруді дүйсенбі күні бастайды.

«Шағымдағы айтылған нәрселердің бәрін анықтаймыз. Шын мәнісінде қандай қан құйылды, кім құйды, неге дұрыс анықтамады? Басынан аяғына дейін ақ-қарасын анықтап береміз», - деді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов.

Марқұмның жақындары облыстық прокуратура және полиция департаментіне де арыз түсірген.

«Біздің жанымызға қатты бататыны - аурухана басшылығының «науқасқа бір рет үшінші топтағы қан құйылды» деп жалған құжат жасатып, істі жаба салуға тырысқандығы. Сондықтан, бұл жерде ешқандай келісімге келу, кешірім деген болмайды. Жазықтылар міндетті түрде жазасын алуы тиіс», - дейді марқұмның балалары.

Ал гемоглобині 50-ді көрсеткен науқасқа үшінші топтың да, төртінші топтың да қанын құйғандарын дәрігерлер мойындап отыр.

«Біз төртінші топтың қанын 4 рет құйдық. Үшінші топтың қанын екі рет құйдық. Қан тобын анықтау қиын болғандықтан, біз шатасқанымызды мойындап отырмыз», - деді Алматы облыстық ауруханасының бас дәрігері Мұрат Рахметов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін облыстық ауруханаға өз аяғымен барған Анархан Қырғызбаеваға дәрігерлер басқа топтың қанын 4 рет құйып, науқас қиналып қайтыс болғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT