+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Талдықорған маңындағы саяжай тұрғындары ауыз суға зәру

2016 жылғы 30 қыркүйек 14:31
Бөлісіңіз:
 Талдықорған маңындағы саяжай тұрғындары ауыз суға зәру

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласының маңындағы саяжай тұрғындары ауыз суды екі шақырымдай жерден тасып ішеді. Қала маңындағы Үйтас саяжайында тұратын 3 мыңға жуық отбасы әбден зәрезап болған.

«Судың қадірін біліп жатырмыз. Емін-еркін суды пайдалана алмаймыз. Екі шақырымдай жерден жаяу су тасу оңай емес. Ауладан құдық қазсақ, су шықпайды. Сондықтан біздің бар үмітіміз жергілікті билікте. Оның үстіне жергілікті тұрғындар саны да күн санап өсуде. Осы мәселе оң шешімін тапса дейміз», - дейді жергілікті тұрғын Жадыра Қуандыққызы. Оның айтуынша, тұрғындар аталған мәселе бойынша Талдықорған қалалық әкімдігіне бірнеше рет көмек сұрап барғандарын айтады.

Ал қалалық әкімдік Үйтас саяжай алабын ауыз сумен қамтамасыз етудің жобасын әзірлеу енді қолға алынғанын алға тартады. «Жоба жыл соңына дейін дайын болады. Содан жоба әкімдікке жөнелтіледі. Мұнда ол арнайы жоспарға кіргізіліп, қалалық мәслихаттың сессиясының күн тәртібіне енгізіледі. Содан қаржыландыру шешілсе, жұмыстар басталады. Жоба дайын болып, әкімдікке өткенше, нақты уақыттарын айта алмаймыз», дейді Талдықорған қалалық әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Болысбекұлы.

Осыған қарағанда, Үйтас саяжайында ауыз су мәселесі қашан нақты шешілетіні белгісіз.

null null


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT