Талдықорған маңында жер сілкінді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Көксу ауданында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі 01 сағат 52 минутта тіркелген. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 182 шақырым жерде, Көксу ауданының аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық санаты - 9.8. MPV магнитудасы - 4.5, тереңдігі - 20 км.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі тұрғындарға сезілмеген.

Соңғы жаңалықтар