Талдықорған маңында жеңіл көлік аударылып, екі адам қаза тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Талдықорған маңында жеңіл автокөлік аударылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 1 қаңтарда «Талдықорған-Үштөбе» тасжолының 10 шақырымында болды. 42-жастағы жүргізуші «Фольксваген Гольф» көлігін басқара алмай, жол жиегінен шығып кетіп, оның аударылуына жол берді. Оқиға орнында шетелдік неміс көлігінің жүргізушісі мен автокөліктегі 35-жастағы әйел жолаушы қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Құрметті жол қозғалысына қатысушылар!

Тағы да естеріңізге сала кетейік, өңір аумағында (31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін) автожолдарды қар басып, көктайғақ болып тұр.

Осыған байланысты барлықтарыңыздан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты асырмауды және жол қауіпсіздігі талаптарын назарда ұстауды сұраймыз»,-делінген полицияның хабарламасында.

Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Соңғы жаңалықтар