+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Талдықорған маңында заңсыз балық тасымалдағандар ұсталды

2020 жылғы 19 ақпан 14:37
Бөлісіңіз:
Талдықорған маңында заңсыз балық тасымалдағандар ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы-Өскемен тасжолының Талдықорған қаласына кіреберісінде заңсыз балық тиеп өтпек болғандар ұсталды. Газель автокөлігінен ешқандай құжаты жоқ 700 келіден астам балық тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері облыс әкімдігі жанындағы жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел тобымен бірге «Браконьер» іс-шарасы барысында күдік келтірген Газель маркалы көлікті тоқтатқан. Тексере келе, оның жүк салғышында ешқандай құжаты жоқ ірі көлемде көксерке балығы тиелгені белгілі болды. Әкімшілік құқықбұзу заңнамалары бойынша тергеу амалдары басталып, балықтың иесі, көліктің бағыты анықталуда. Тәркіленген көксерке балығы өлшеніп, уақытша сақтауға арнайы қоймаға тапсырылды.

«Жыл басынан бері табиғат қорғаушылар заңсыз балық аулау бойынша 50-ге жуық заң бұзу фактісін тіркеді. Бір қылмыстық іс қозғалды. 1700 кг балық тәркіленіп, мемлекетке 2 млн теңгеден астам шығын келтірілгені туралы хаттама толтырылды», - дейді Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы Ринат Қумашев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Багдат Хасенова
Багдат Хасенова
954-059

MURAǴAT