Талдықорған көлік прокуратурасының аға прокуроры ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30 мың доллар пара алған Талдықорған көлік прокуратурасының аға прокуроры ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Бас прокуратурасының Ішкі тергеу департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде Талдықорған көлік прокуратурасының аға прокуроры, 1-ші сыныпты заңгер, Алматы облысы Экономикалық тергеу департаментінің 4-ші санатты біліктілік сыныпты аға тергеушісін және облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманын алдын ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша әшкереледі», - деді ол.

Қайсар Баржақсыновтың дерегінше, олар ЖШС директорынан экономикалық контрабанда фактісі бойынша оған қатысты тіркелген қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

«Күдіктілер ҚР Қылмыстық-процестік кодексі 128-бабымен ұсталып, Талдықорған қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚКП 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай басқа мәліметтер жария етуге жатпайды», - деді агенттік тергеушісі.


Соңғы жаңалықтар