«Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолы жөнделген соң 2-техникалық санатқа ауысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жолшылар «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолын қайта жаңарту жұмысы барысында айналма жолдардың құрылысын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «АқзАвтоЖолға» сілтеме жасап.

Компанияның мәліметінше, аталмыш жол қайта жаңартылғаннан кейін ені 9 метрге кеңейтіп, ІІІ-техникалық санаттан сағатына 120 шақырым жылдамдық рұқсат етілетін ІІ-техникалық санатқа ауыстырылады.

Қазіргі таңда «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолының барлық учаскелері қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған. Жұмыстарды «Тодини Централ Азия» ЖШС, «К-Дорстрой» АҚ, «CITIC Construction Co, LTD» (Консорциумның көшбасшысы) құрылыс консорциумы жүзеге асыруда.

615-1073 шақырымдардың аралығында жолшылар айналма жолдардың құрылысын аяқтады, 1 мың шаршы метрден астам жер қазу жұмыстары жүргізілді және 50-ден астам су өткізгіш құбыр орнатылды.

Биыл ұзындығы 26,7 шақырым төсеме қабат, қиыршық тас пен құмнан жасалған С-4 қоспадан жол табанының 21 шақырым төменгі қабаты, жоғарғы және төменгі қабаттарға 13 шақырым асфальтбетон жабын төселеді.

Жол құрылысы өңірдің және іргелес облыстардың экономикалық дамуына үлес қосады.

Соңғы жаңалықтар