Талдықорған қаласында екі жасар баланы көлік қағып, мерт қылды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында екі жасар бала көлік дөңгелегінің астына түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жантүршігерлік жол апаты 28 қыркүйек күні күндіз Шығыс шағынауданындағы Сеңгірбаев көшесінде болды. Алдын ала анықталғандай, бала үйінің маңындағы жолда ойнап жүргенде 38 жастағы ер адам «Toyota Cresta» маркілі көлігімен қағып кеткен. Оқиғаның салдарынан сәби мерт болды.

Патрульдік полиция взводының командиры Елдос Тәуірбеков ата-аналарға балаларын мұқият қадағалап, жүргізушілерге, елді мекендер арасында жылдамдықты қатау сақтауды ескертті.


Соңғы жаңалықтар