+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Талдықорған қаласында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді

2020 жылғы 28 наурыз 19:53
Бөлісіңіз:
Талдықорған қаласында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласын дезинфекциялау жұмыстарына әскери бөлімдер тартылып жатыр. 18/404 әскери бөлімінің сарбаздары қаладағы көпқабатты үйлерді арнайы ертіндімен тазалауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының орталығында 753 көпқабатты үй бар. Қаланың коммуналдық қызметі барлығын жылдам уақытта залалсыздандырып шығуға қауқарсыз. Сондықтан Талдықорған әскери гарнизонының жауынгерлері көмекке келді. Қазіргі таңда 18/404 әскери бөлімінің 100 сарбазы «Шығыс» ықшам ауданын аралап, әр үйді, әр кіреберіс пен әр қабатты натрий гиппохлорид ертіндісін шашып, өңдеп жатыр.

Бұған дейін олар «Қаратал» шағын ауданының барлық үйлерін, аулаларын, балабақша мен мектептерін залалсыздандырып өтті. Алдағы уақытта шаһар ораталығы мен 1,2,3,4,5,6,7 шағын аудандарына кіріседі. Ол кезде сарбаздар саны 150-ге жетіп, басқа да әскери бөлімдер тартылатын болады, деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Асхат Қалиасқаров.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT