Талдықорған қаласында ашық аспан астындағы кинотеатр ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында аспан астындағы кинотеатр ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы кинотуынды үлкен экранға шығып та үлгерді. Қаладағы айшықты орындардың бірі «Журналистер үйі»-нің алдындағы автотұрақта ұйымдастырылған кинокөрсетілім бұрынғыдан өзгерек болды. Көрермен залы автотұрақ болса, келушілер көлік ішіне жайғасып, туындыны тамашалады.

Кинотеатрдан ең алғаш рет «Құнанбай» фильмі көрсетілді. Сеанс 2 сағатқа созылды. Таза ауадағы кинотеатрға көптеген тұрғындар келді. Фильм көрермендердің көңілінен шықты десе болады.


Бұқараның қалауын дөп басып, ерекше сыйды жүзеге асырушылар Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, «Jetisy Media» КММ-сі. Идея авторы Елбосын Абай.

«Таз ауада өткізілген кино көрсетілім көптің көңілінен шықты деп ойлаймын. Елде ойын-сауық орындарының жұмысы шектелгені белгілі. Ал осы шара арқылы тұрғындар бір уақыт демалып, оның үстіне тарихқа көз жүгіртіп, тәлім-тәрбие, өмірге қажетті кеңес алды деген ойдамын»,-дейді жас маман Елбосын Абай.


Соңғы жаңалықтар