+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

2021 жылғы 25 қазан 16:41
Бөлісіңіз:
Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып Қайрат Бұлдыбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО Жұмыспен қамту басқармасына жаңа басшы тағайындалды KEGOC компаниясының басшысы қызметінен кетті Швецияда ел тарихында алғаш рет әйел премьер-министр сайланды

Бұлдыбаев Қайрат Найманбайұлы 1963 жылы 21 қарашада Алматы облысы Гвардия ауданы Көксу ауылында дүниеге келді.

2004 жылы І. Жансүгіров атындағы ЖМУ университетін кәсіптік оқыту бойынша тәмамдаған.

Өзінің еңбек жолын 1984 жылы Талдықорған жүк тасымалдау автобасқармасы Көксу көлік кәсіпорнының шебері қызметінен бастаған. Алматы облысында «Автотехобслуживание» ЖШС директоры, Текелі қаласы әкімі аппараты Рудник кенті әкімінің міндетін атқарушы, Талдықорған қаласы Өтенай селолық округінің әкімі, Талдықорған қаласы ШЖҚ «Көркейту» МҚК бастығының міндетін атқарушы, Талдықорған қаласы «Көркейту» ШЖҚ МҚК бастығы, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы, Қаратал ауданың әкімі лауазымдарын атқарған.

Соңғы жұмыс орны - Талдықорған қаласы «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT