Талдықорған қаласы әкімінің экс-кеңесшісі сотталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорған қаласы әкімінің экс-кеңесшісі Алмасбек Садырбаев бір жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі оқылғаннан кейін айыпталушының қолына бірден кісен тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған істе Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асқар Тұтыбаев экс-кеңесші Алмасбек Садырбаевты сотқа беріп отыр. Алмасбек Садырбаев ҚР ҚК 380-бабы бірінші бөлігі  (билік өкіліне қатысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану) бойынша айыпты деп танылды. Сондай-ақ, жәбірленуші Асқар Тұтыбаев айыпталушыдан 10 млн. теңге моральдық шығын талап еткен болатын. Сот бұл талапты ішінара қанағаттандырды. Сотталушы Алмасбек Садырбаев Асқар Тұтыбаевқа 300 мың теңге моральдық шығын өтеп беруге міндеттелді.
null

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алмасбек Садырбаев қала әкімінің орынбасары А. Тұтыбаевпен әкімдікте төбелескендігі туралы Фейсбуктегі  парақшасында жазған болатын.  Ал әкім орынбасары бұл жайтты жоққа шығарды. Тұтыбаевтың сөзінше, олар төбелеспеген. Тек Алмасбек  Садырбаев оны балағаттап, ұрған. Ал істің осыншама насырға шабуына Тұтыбаевтың  құжатқа қол қоймауы себеп болғанға ұқсайды. Алайда әкім орынбасары «алғашқы құжатқа қол қойып бердім, бірақ онысы жарамсыз болып қалды» деген болатын.

Енді Садырбаев қауіпсіздік деңгейі төмен түзету мекемесінде жазасын өтейтін болады. 

Соңғы жаңалықтар