Талдықорған изоляторында тергеліп жатқан 200-ге жуық азамат дауыс берді

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанның тергеу изоляторында екі жүзге жуық тергеудегілер дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу облысында тергеудегілер, сондай-ақ үкім заңды күшіне енбеген азаматтар шетте қалмай, өздерінің сайлау құқығын іске асырды.

Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтті.

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №71 тергеу изоляторында орналасқан №1009 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы 07.00-ден басталды.

Бұған дейін ҚАЖ қызметкерлері сайлаушыларға президенттікке кандидаттармен танысу үшін ақпараттық материалдар ұсынған болатын.

«Дауыс беру заң мен құқықтық нормалардың талаптарына сәйкес өтті. Дауыс беруге арналған жәшіктер мен кабиналар орнатылды. Бөлме бейнебақылаумен жабдықталған. Заңбұзушылықтар мен ескертулер болған жоқ», - деді сайлау учаскесінің төрағасы Мадияр Умирбаев.


Соңғы жаңалықтар