Талдықорған әуежайының екінші қызметкері көз жұмды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Талдықорғанның  әуежай қоймасында болған өрттен денесінің 87 пайызы күйген Рүстем Мұсабеков көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде бес күн жатқан Мұсабековтың беті бері қарамады. Ол есін жимастан көз жұмды. 1979 жылғы Рүстем Мұсабеков әуежайда жанар-жағармай технигі болып жұмыс істеген.

Естеріңізге сала кетейк, өткен бейсенбіде Талдықорған әуежайының жанар-жағармай қоймасында өрт шығып, оны екі азамат өздігімен өшіруге тырысқан. Өздері отқа оранса да бар күшімен жанармай құйылатын құбырдың бұрандасын жауып, үлкен апаттың алдын алды.

Әуе қауіпсіздігі қызметінің инспекторы болған 1973 жылғы Рахат Кәметаевтың денесінің 95 пайызын күйік шалып, ол ауруханаға жеткізілгеннен кейін көп ұзамай көз жұмған еді. Ал Рүстем Мұсабековтың өмірін аман алып қалу үшін мамандар Алматыдан да шақырылды. Бірақ оның алған жарақатттары тым ауыр болды. 

Соңғы жаңалықтар