Талдықорған әуежайына жаңа ұшақтар сатып алынды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорған әуежайында Чехияда жасалған L-410 модельді екі ұшақтың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Оған облыс әкімі Амандық Баталов, «БРК-Лизинг» АҚ басшылығы мен чехиялық сынаушы-ұшқыштар қатысты. Әуе кемелері «БРК-Лизинг» АҚ көмегімен сатып алынып, одан әрі инфрақұрылымдық «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында қаржылық лизингіге беріледі
2018 жылы шыққан, 19 орындық L-410 ұшақтарын «Жетісу» авиакомпаниясы» АҚ жергілікті әуе жүйесіне қызмет көресету үшін алды. Оның біреуі Талдықорған - Үшарал - Талдықорған, Алматы - Үшарал - Алматы бағытына ұшатын болады. Ал екіншісі санавиация ұшағы ретінде пайдаланылады.

null
Жағымды жаңалықпен құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов ұшақ сатып алардың алдында оның ұшу-техникалық сипаттамасы толықтай зерттелгенін, оның корпусын безендіру дизайнын өңірдің мамандары дайындағанын атап өтті.
«Бүгін біз қуанышты жағдайға жиналып отырмыз. Талдықорған әуежайына біздің арнайы тапсырысымызбен Чехияда жасалған жаңа ұшақтар келіп қонды. Бұлар шағын ұшақтар болса да, ішкі рейстерді қамтамасыз етуде маңызы зор болмақ. Мемлекет басшысы ішкі туризмді белсенді дамытуды тапсырды. Енді Алакөл жағалауында демалғысы келетіндер үшін Үшаралға ұшақпен жетуге мүмкіндік туып отыр», - деді А. Баталов. Сол сияқты Астана қаласымен әуе байланысы үшін 50 орындық ұшақ алу алдағы жоспарда бар екенін де тілге тиек етті.
Айта кетерлігі, Aircraft Industries - Чехиядағы жолаушы ұшақтарын өндіруші ірі компаниялардың бірі. Авиациялық өндірісте көпжылдық тәжірибесі бар. L-410 модельді әуе кемелері әлемнің 50-ден астам елінде қызмет көрсетеді, қауіпсіздік және үнемділік жағынан заман талаптарына жауап бере алады. Ең жоғарғы крейсерлік жылдамдығы 335 км/сағ, 1 400 шақырымға дейін ұша алады.

null

Соңғы жаңалықтар