Талдықорған - Астана бағытында әуе рейстері тоқтатылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін және ертең  Талдықорғаннан Астанаға әуе рейсі қатынамайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейстердің кейінге шегерілуіне не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Белгілісі жақын арадағы рейс Астана қаласына 10 ақпанда қатынайды. Ал «Жетісу» АҚ авиакомпаниясының президенті Қалмұханбет Дөңсебаев жолаушыларға қолайсыздық тудырған жайтты растады. Оның сөзінше, Талдықорған-Астана-Талдықорған бағытында рейстер жаңа жылдан бері бірнеше рет кейінге шегерілген. Ал жолаушыларды тасымалдаумен «Скат» әуекомпаниясы айналысады.

Соңғы жаңалықтар