Талдықорған әкімі каратэден әлем чемпионымен кездесті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорған әкімі Бағдат Қарасаев киокушинкай каратэден әлем чемпионы, өз титулын Ресейдің Хабаровск қаласында өткен біріктірілген чемпионатта жеңіп алған Мерей Сүйіновті қабылдады.

Қала әкімі чемпионға барлық талдықорғандықтардың атынан отандық спортқа қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, каратэден қара белдік, ІІ дан иегері Мерей Сүйінов чемпиондық жолын жалғастыратынына үмітін білдірді.

Өз кезегінде Мерей спорт - оның өмірі екенін атап өтті. Он жастан бастап табанды жаттығып жүрген ол бүгінде өскелең ұрпақты шығыс жекпе-жектері түрлері бойынша дайындап келеді. «Бұл сіздің Отанға деген сүйіспеншілігіңіз бен махаббатыңыздың көрсеткіші. Сіздің спорттағы жетістіктеріңізді мақтан етеміз», - деп атап өтті Бағдат Қарасаев. Ол сондай-ақ Талдықорған әкімдігі аймақтағы спортты дамыту бойынша бастамаларды қолдайтынын қосып өтті.

Соңғы жаңалықтар